АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Қош келдіңіздер!

жаңалықтар

Оқу орнымызда “ТӘРТІП және ЗАҢ” тақырыбында  кездесу болып өтті❗
 
 Жиында
🔰құқық бұзушылық және қылмыс, 
🔰буллинг
🔰зорлық-зомбылық, 
🔰топтық төбелес бағытында студенттерге ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету  шаралары жүргізілді.
 
📌Кездесуге Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Кузембаева Гаухар Ерболатовна және аға лейтенант Жумабаев Магжан қатысып, ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қала көлемінде жастар арасында қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылыққа бару жағдайлары көп орын алып жатқандығын жеткізіп, ондай қадамдардан аулақ болуға шақырды.
 
📌 Кездесу барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманғазы Қайратұлы білім алушы жастарға ақыл- кеңестерін айтып, кәмелетке толмаған кез келген жасөспірімге ата-ана жауап беретінін ескертті. Қандай да бір оқиға орын алған жағдайда топ кураторына немесе колледж әкімшілігіне ескерту керектігін жеткізді. Болуы мүмкін топтық төбелестер мен әлімжеттік, құқық бұзушылық фактілеріне тоқталып, ондай жағдайдың болдырмауын керісінше алдын алу керек екендігін айтты. Кездесу барысында тақырыптық видеоролик көрсетіліп, студенттер сұрақтарына жауап ала білді.  

 

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІАБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ